РБК басылымы қазақстандық брокерлердің біріне жолдаған хабарламасымен танысқан. Онда бұл ұсыныс АҚШ-тың Ресейдің Ұлттық есептесу депозитарийіне (NSD) қарсы енгізілген санкцияға байланысты екені айтылған.
Қазақстан депозитарийінде Ресейге байланысы бар бағалы қағаздардың 140-қа түрі сақталған. Бұл – ерікті облигациялар, корпоративті облигациялар және акциялар.
12 маусымда АҚШ Ресейге қарсы санкциялық режимді күшейтті. Жаңа тыйым Ресей биржасында доллар мен еуроның саудасын тоқтатты.
Санкция тізіміне Мәскеу биржасы, Ұлттық клиринг орталығы және Ұлттық есептесу депозитарийі, "Согаз" сақтандыру компаниясы және Ресейдің Ұлттық қайта сақтандыру компаниясы да кірді.