Олар екі жылдан бері Мәскеудегі жатақханалардың бірінде тұрып келген. Бірақ осындай жағдайға бірінші рет тап болып жатыр. Жатақхана қожайыны мигация қызметі талап еткен құжаттардың бәрін өткізуді сұраған.
"Жатақхана қожайыны жасаған хабарламада Өзбекстан азаматтарына бес, ал тәжікстандықтарға алты құжат тапсыруы керек екені жазылған", - дейді тәжікстандық мигрант.
Талап етілген құжаттың ішінде, паспорт, мигациялық карта, дактилоскопия жөніндегі анықтама, патент және уақытша тіркеу анықтамасынан бөлек, Тәжікстан азаматтарына жұмыс беруші Ресей заңын сақтамаған шетел азаматына қылмыстық іс қозғалатыны жөнінде ескерту қағаз беруі тиіс.