Ссылки доступа

Тәжік-өзбек шекарасы: Жүргізушілер транзитке арнайы рұқсат талап етпейтін күнді күтіп жүр


"Фотехобод" бақылау-өткізу бекеті
"Фотехобод" бақылау-өткізу бекеті

Жүк көліктерін жүргізушілердің кейбірінің айтуынша, Тәжікстан мен Өзбекстан келісімге қол қойғанына бір айға жуық уақыт өткеніне қарамастан, шекарада транзит мәселесі әлі шешіле қойған жоқ.

Көрші елдердің биліктері екі ел аумағы арқылы өту үшін ресми рұқсат қағаз талап етпеуге келіскен.

Жүргізушілер биліктерді осы құжатты тезірек мақұлдауға шақырды. Олар жаңа тәртіп орнаған соң өнім бағасы да төмендейтініне сенімді.

Осы құжатқа биыл 18 сәуірде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Душанбеге сапары кезінде қол қойылған. 23 сәуірде Тәжікстан көлік министрлігі құжатты мазмұнын жариялады.

Енді осы хаттаманы екі елдің тиісті мекемелері мақұлдауы тиіс. Оның қашан жүзеге асатынын ешкім айта алмайды.

«Рұқсат қағаз талап етпейтіні бізге пайдалы. Бізге ғана емес, тұтынушылар да соның жемісін көреді – азық-түлік арзандайды» дейді жүк көлігін жүргізуші Идибек Мирзоев.

Тәжікстаннан Өзбекстанға 13 бақылау-өткізу бекеті арқылы өтуге болады. Тәжікстан көлік министрлігінің мәліметінше, былтыр 80 мыңға жуық транзитке рұқсат қағаз берілген.

XS
SM
MD
LG