Ссылки доступа

Байден: АҚШ Украинаға қосымша 800 млн доллар әскери көмек көрсетеді (видео)


Вашингтон Украинаға қосымша 800 миллион долларға қару-жарақ береді.

Осылай деп АҚШ президенті Джо Байден НАТО-ның Мадридтегі саммитінен кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

Ол айтуынша, көмек аясында Киевке зымыраннан қорғану жүйесі, қосымша артиллериямен оқ-дәрілер және артиллерияға қарсы радарлар беріледі.

"Біз Украинаны қанша керек болса, сонша қолдаймыз. Путин біздің Альянсқа жік салып, оны әлсіретем деп ойлады. Бірақ расында бәрі керісінше болды. Ол НАТО-ны "финляндияластырам" деп ойлаған, бірақ Финляндия "НАТОласты", – деді Байден.

АҚШ президенті Швеция мен Финляндия қосылғаннан кейін, НАТО шекарасы 800 мильға дейін кеңейетінін мәлімдеді

Мадридтегі саммит декларациясына сәйкес, әскери альянс лидерлері Финляндия мен Швецияға НАТО-ға мүше болуға ресми шақырту жіберу жөнінде шешім қабылдады.

Мәскеу Украинаға басып кіруінің бір себебін "НАТО шығысты кеңейтпек" деп атаған.

XS
SM
MD
LG