Ссылки доступа

Джо Байден жақтаушыларына жеңіске жететін күші барына сендірді


Джо Байден
Джо Байден

АҚШ президенті Джо Байден 27 маусымдағы дебаттан кейін демократтардың алаңдауына қарамастан, Демократиялық партия донорларын биыл қарашада өтетін сайлауда Дональд Трампты жеңе алатынына күші барын жеткізді.

29 маусымда Байден Нью-Йорк қаласында және Нью-Жерси штатында сайлау науқанына қаражат жинау бойынша бірнеше шаралар өткізді. Президент сөзінде дебат өзі үшін "онша игілікті" болмағанын мойындап, бірақ Трамп үшін де жақсы болмағанын айтты.

"Партия өкілдерінің алаңдауын түсініп отырмын. Сондықтан сайлауда жеңіске жету үшін бар жігерімді салып, күрес жүргіземін деп уәде беремін", - деді Байден.

"Америка дауысы" радиосы хабарлағандай, 81 жастағы Байденнің дебаттағы сөздері демократтардың алаңдаушылығын туғызған. Онда ол пікірін соңына дейін жеткізе алмағаны, лайықты сөздер таба алмай, жауап беруде жаңылғанына жол бергені айтылған.

The New York Times газеті өткен жұмадағы санында Байденді президенттік жарыстан шеттету керек екенін жазған.

АҚШ-та кезекті президент сайлауы 5 қарашада өтеді. Оған Республикашылдар партиясынан Дональд Трамп ықтимал үміткер болып отыр. Байденнің үміткерлігі Демократиялық партияның тамызда өтетін құрылтайында бекітілуі керек.

XS
SM
MD
LG