Ссылки доступа

Мәскеу соты блогерді қамауға алу шешімін жойды


Мәскеу қалалық соты тәжікстандық блогер Салмон Ражабзоданы қамауға алудан бас тарту туралы Симонов аудандық сотының шешімін жойды.

Аудандық сот 9 қаңтардағы шешімімен блогер Салмон Ражабзоданы қамауға алудан бас тартып, сот залынан босатқан.

Прокуратура бұған қарсылық білдіріп, қалалық сотқа апелляциялық арыз түсірген.

Салмон Жұмабай деген атпен белгілі блогер 7 қаңтарда ұсталып, оған қарсы "Жеккөрушілік және араздықты қоздыру, ар-намысқа нұқсан келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Блогер бұл бап бойынша кінәлі деп танылса, алты жылға дейін сотталуы мүмкін.

"Осторожно, новости" және Shot телеграм-каналдары хабарлағандай, желтоқсанда әлеуметтік желілерде видео жарияланып, кадр сыртындағы адам "жақында орыс қыздарының бәрі біздікі болады" және "Наташамен ойнағам" деп айтқан. Онда Салмон Ражабзода видеодағы дауыс өзінікі емес екенін білдірген.

XS
SM
MD
LG