Ссылки доступа

Ресейдің шенеуніктері мен бизнесмендері Қырғызстан паспортын алған 


Президент әкімшілігі Қырғызстан азаматтығын алу бойынша пікір білдірді. 

Онда Қырғызстан азаматтығын беру Конституция, халықаралық келісімдер және "Қырғыз Республикасының азаматтығы жөніндегі" заңдарға сәйкес жүзеге асады.

Президент әкімшілігі азаматтық алуда ешкімге артықшылық берілмейтінін айтқан.

25 наурызда The Moscow Times басылымы Ресейдің саяси және бизнес өкілдері қырғыз азаматтығын алып жатқанын жазған.

Transparency International ұйымының Ресей бойынша кеңсесі қырғыз азамттығын алуда коррупциялық көріністер бар екенін мәлімдеді.

The Moscow Times басылымы сілтеме жасаған қырғыз президентінің №359 жарлығында Ресейдің Тверь облысының бұрынғы губернаторы Дмитрий Зелениннің, Жоғарғы сот пен Конституциялық соттағы ұйғарым құқықты өкілі Михаил Барщевскийдің қызы Наталья Барщевскаяның, "Жұпар әлем" компаниясының қожайыны Валерий Задориндин Александр және Михаил атты ұлдарының және Bitzlato криптобиржасының негізін қалаушы Антон Шкуренконың аты-жөндері бар.

Ресми мәліметке сәйкес, қырғыз президенті Садыр Жапаров 2022 жылы "Қырғыз Республикасы азаматтығына қабылдау жөнінде" 18 жарлық шығарған. Онда 4545 адам қырғыз азаматтығына қабылданса, 591 адам шығарылған.

XS
SM
MD
LG