Ссылки доступа

Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мәскеуде сырттай алты жылға сотталды


Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Пётр Врублевский (сол жақта) және СІМ басшы орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев.
Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Пётр Врублевский (сол жақта) және СІМ басшы орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев.

Мәскеудің Басман аудандық соты Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді сырттай алты жылға еркінен айырды.

Ол ұлт және тіл белгілері бойынша қастықты қоздырды деп танылды.

Врублевский 2022 жылы тамызда қазақ блогері Диас Кузаировқа берген сұқбатында Ресейдің Украинаға қол салуы жөнінде айтып, Украина "көбірек орысты өлтіруге әрекет қылатынын, қаншалықты көп өлтірсе, болашақта мұндай қайғы аз болатынын" білдірген.

Кейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Врублевскиймен сұқбат жүргізгенін, ол кешірім сұрағаны хабарланған. Ресей Қазақстаннан украин дипломатын елден шығаруды талап еткен.

Украина президенті Владимир Зеленский 2022 жылдың қазанында Петр Врублевскийді қызметінен алды.

2024 жылдың басында Ресейде Врублевскийге қарсы қылмыстық іс қозғалып, ақпанда Росфинмониторинг мекемесі оны террористер мен экстремисттер тізіміне қосты.

XS
SM
MD
LG