Ссылки доступа

Эр-Рияд Иранның Сауд Арабиясына шабуылдайтынын АҚШ-қа ескертті


Студенческий протест в Иране
Студенческий протест в Иране

Эр-Рияд барлау қызметінің Иран Сауд Арабиясы аумағындағы нысандарға шабуылдайтыны туралы мәліметін Вашингтонға тапсырды. Таяу Шығыстағы америкалық және басқа да күштер шабуылды тойтаруға дайындалып жатыр.

Бұл туралы The Wall Street Journal патшалық пен Құрама Штаттардағы дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Иран барлау министрлігі мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының барлау ұйымы АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Израиль мен Сауд Арабиясының барлау қызметтерін белсенді Махса Амини өліміне қатысты наразылық шерулерін жоспарлады, жүзеге асырды деп айыптаған.

Сауд Арабиясының ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, Иран патшалыққа, сонымен бірге Ирактың Күрдістанындағы Эрбильге шабуыл жасауды жоспарлаған. Тегеран ішкі наразылықтан қоғам назарын аудару үшін осындай әрекетке барады.

АҚШ, Сауд Арабиясы және аймақтағы басқа да елдер қарулы күштерінің дайындығын пысықтай түсті, деп жазды The Wall Street Journal.

Өткен айда Корпус қолбасшысы Сауд Арабиясынан Ирандағы наразылық туралы ақпарат таратуды шектеуді талап еткен. "Бұл біздің соңғы ескертуіміз, өйткені сендер біздің ішкі ісімізге БАҚ арқылы араласып отырсыңдар", - деген генерал-майор Хоссейн Салами Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясындағы әскери жаттығулар кезінде.

XS
SM
MD
LG