Еуропа дипломатиясының басшысы Алексей Навальныйдың өліміне байланысты Еуропа одағының ашу-ызасын білдіріп, жауапкершілікті президент Владимир Путин мен Ресей билігіне жүктеді.
Дүйсенбіде Еуропа одағының халықаралық істер бойынша кеңесінде сөйлеген Боррель Юлия Навальнаяға, балалары мен Навальныйдың серіктеріне көңіл айтты.
Алексей Навальныйдың өлімін Брюссель "күтпеген және жантүршігерлік өлім" деп атады. Еуропа одағы Ресейден саяси тұтқындарды дереу босатуды талап етті.