Еуропарламент ресми сайтында Украинаны қолдайтынын, барынша көмек беретінін жеткізген.
Осыған дейін Киевке қаржылай көмекке Венгрия қарсылық көрсетіп келген.
Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен таяуда Киевке барған сапары кезінде қаржының алғашқы бөлігі наурыз айында жіберілетінін айтты.
Өткен аптада Брюссель Мәскеуге қарсы санкцияның 13-пакетін мақұлдады.