Бүгін Ұлыбритания да Ресей көмірінен бас тартты.
Еурокомиссияның бағасы бойынша бұл санкциядан Ресей жылына 8 млрд доллар жоғалтады. Еуроодақ бұдан былай Солтүстік Америка, Колумбия, Оңтүстік Африка елдері мен Қазақстаннан көмір ала бастайды.
Еуроодақ орыс көмірін алуды тоқтатқаннан кейін, Ресей көмірін Үндістан мен Түркияға бастапқы бағасынан 50 пайыз жеңілдікпен экспорттай бастады.
Жыл соңына қарай Еуропа елдері орыс мұнайынан біртіндеп бас тартады.
АҚШ болса, наурыз айынан бастап Ресейден мұнай, газ және көмір импорттауға тыйым салған.