Егін салудан бас тартқандардың бірі – Саиджафар Назаров. «Бұрын «Амонатбанктен» несие алып, ісімді жүргіздім. Бірақ қазір несие бермейді. Қартайтың, өліп қаласың, сосын несиені кім қайтарады дейді. Жер екі жылдан бері қараусыз эатыр. Мақта егілген. Егін салуға бір сомони де таппадым» дейді диқан.
Шаруалардың толғантып отырған тағы бір мәселе – су тапшылығы. Мәселе жылдан жылға күрделеніп бара жатыр. «Мен өз жеріме бармағалы үш жыл болды. Неге? Себебі арнада су жоқ» дейді Кулябтағы Камолобод қышлағының тұрғыны Наистон Раджабова.
Соғды облысының диқандары да осындай қиыншылыққа тап болып отыр. Жүзім өсіруші Абдурозик Мүміновтің айтуынша, шаруаларды екі мәселе қиналтып отыр – тыңайтқыштың қымбаттығы және су тапшылығы.
Тәжікстанда тұрғындардың 70 пайызға жуығы ауылда тұрады. Олардың күні ауыл шаруашылығына тәуелді.
Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда 700 мың гектарға жуық егін алқабы бар.