Ссылки доступа

OCCRP: Оливер Стоунның Назарбаев туралы деректі фильміне 5 млн доллар жұмсалған 


Америкалық режиссер Оливер Стоунның экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев жайлы түсірілген фильміне бес миллион доллар жұмсалған.

Бұл қаржы Назарбаевқа тиесілі қордан бөлінген. Осылай деп Vlast.kz және OCCRP хабарлады.

Сегіз қысқа сериалдан тұратын толықметражды фильм 2021 жылы жарыққа шыққан.

2021 жылы Стоун және фильм режиссёрі Игорь Лопатенок The Guardian басылымына Қазақстан үкіметінің бұл фильмді түсіруге еш қатысы жоқ екенін жеткізіп, бірақ кімнің демеуші болғанын айтудан бас тартқан.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік орталық қордан жеті миллион доллар бөлген.

2009 жылы британдық Джонатан Айткен Нұрсұлтан Назарбаев жайлы "Назарбаев және Қазақстанның жаратылуы: коммунизмнен капитализмге дейін" кітабы жарық көрген.

XS
SM
MD
LG