Азаттық радиосының (Озодлик) өзбек қызметі Gazli Gas Storage компаниясына қатысты "Газли Путиннің бір қолынан екіншісіне өтті" деген атпен журналистік зерттеуін жариялаған.
Аталған компания бұл зерттеуді "негізсіз әрі беделді түсіру" мақсатында жазылған деп айыптады.
"2023 жылдың қазан айында корпоративті қайта құрылымдау барысында осыған дейін "Форус" компаниясына тиесілі үлесі Гонконгте тіркелген Daxon Holdings Limited компаниясына берілді. Оның негізгі бенефициары Бахтиёр Фазылов болып қалды", - делінген компания таратқан мәлімдемеде.
Бұл сөздер Озодлик зерттеуінде жазылғандай, Бахтиер Фазыловтың Путинге жақын адамдардың бірі екенін айғақтап отыр. Ол фейк тұлғалар арқылы Өзбекстанның энергетикалық секторын басқарып отыр.
2018 жылдың қазан айында Путиннің Өзбекстанға сапары алдында Gazli Gas Storage компаниясының 60% акцисы ресейлік "Форус" компаниясына тиесілі болған. Ал қалған 40% мемлекеттік "Өзтрансгазға" тиесілі.
2018 жылдан 2021 жылға дейін "Форустың" негізгі құрылтайшысы Аида Чахалия болды.
Чахалия "Иванян и партнеры" компаниясында хатшы болып жұмыс істейді.