Резолюция 1967 жылдан бергі Палестина аймақтарын оккупациялауды "заңсыз" деп тапқан халықаралық сот қорытындысына негізделген.
Израиль болса бұл резолюция аймақтағы зорлық-зомбылықты күшейтуі мүмкін деп шетке қақты. Құжатқа 124 ел "мақұл" деп дауыс берсе, 14-і қарсы, 43-і қалыс қалды.
АҚШ резолюцияда 2022 жылдың қазан айында Израильге шабуыл жасаған ХАМАС әрекеттерін айыптамағанына наразылық білдірді.
Сауд Арабиясының мұрагер ханзаадасы Мохаммед бин Салман тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылмайынша, Израильді танымайтынын мәлімдеді.