Кәсіподақтар федерациясы басшысы Арнон Бар-Давид Израиль билігі ХАМАС-пен келісімді саяси себептерге байланысты кейінге қалдырды деп есептейді.
Израиль оппозициясының жетекшісі Яир Лапид те осындай мәлімдеме жасады. "Тірі қалған тұтқындар бар, әлі де келісімге келе аламыз. Бірақ [Израиль премьер-министрі Биньямин] Нетаньяху саяси себептерге байланысты мұндай қадамға бармайды", – деген Лапидтің сөзін The Jerusalem Post газеті жариялады.
ХАМАС тұтқынға алған адамдардың туыс-жақындары жұртты ереуілге шығуға шақырды.
Ереуіл кезінде Тель-Авивьегі Бен-Гурион әуежайы жұмыс істемейді, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, мектептер мен балабақшалар ішінара жабылады. Дәрігерлер демалыс күнгі кестесі бойынша жұмыс істейді.
31 тамыз кешке Израиль сарбаздары Газа секторынан кепілге алынып, кейін қаза тапқан алты адамның сүйегін тапты. 1 қыркүйекте Израиль азаматтары наразылық акциясына шығып, биліктен ХАМАС-пен келісімге келуді талап етті. Наразылар елдегі көше қиылыстары мен негізгі жолдарды жауып тастады.
Нетаньяху Израиль үкіметі кепілге алынған адамдарды құтқаруға басымдық береді деп мәлімдеген.