Ссылки доступа

Ресейдің Олимпиада комитетінің бас хатшысы елінен біржола кеткен 


Анастасия Давыдова 

Ресейдің Олимпиада комитетінің бас хатшысы, синхронды суда жүзу бойынша Олимпиаданың бес дүркін чемпионы Анастасия Давыдова елінен шығып кетті. Бұл туралы Ресейдің Синхронды суда жүзу федерациясы хабарлады. 

Федерация вице-президенті Ольга Брусникина бұл хабар "бәрін таң қалдырғанын" жеткізді. Бурсникина да, Ресейдің Олимпиада комитетінің өкілдері де Давыдованың өлкеден біржола кетіп қалғаны жөнінде ешқандай мәлімет бермеді.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін халықаралық спорт федерацияларының көбі орыс спортшыларын жарыстардан шеттеткен. Ресейдің футбол бойынша құрама командасы Еуропаның және әлем чемпионаттарына қатысу құқығынан айырылған.

Ресейдің футбол клубтары Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасы секілді ірі жарыстарға қатыса алмай қалды. Бұдан бөлек ресейлік хоккейшілер халықаралық жарыстардан шеттетіліп, ондаған ресейлік спортшы елінен кетіп, азаматтығын алмастырған.

Анастасия Давыдова 2004 жылы Афинада, 2008 жылы Бейжіңде және 2021 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында жалпы бес алтын медаль ұтқан. Бұдан бөлек ол әлемнің 13 рет чемпионы болып есептеледі.

Спорт мансабын аяқтағаннан кейін Давыдова Ресейдің Олимпиада комитетінің вице-президенті болып, 2014 жылдың мамыр айынан бері бас хатшысы қызметіне келген. Былтыр президент Владимир Путин Давыдованы "Отанға қызмет еткені үшін" IV-дәрежелі орденмен марапаттаған.

XS
SM
MD
LG