Ссылки доступа

Германияда зауытта жарылыс болып, 14 адам зардап шекті


Германияның Людвигсхафен қаласындағы ірі BASF химиялық зауытында жарылыс болып, 14 адам зардап шекті. Бұл жөнінде Bild басылымы хабарлады.

Жарылыс себептері анықталып жатыр. SWR басылымы зардап шеккендер жеңіл жарақат алғанын, оларға медициналық көмек көрсетілгенін жазды.

Зауыт айналасындағы өрт толық сөндірілген, қазір экологияға тигізген зиянын есептеп жатыр.

Жарылыс кезінде ауаға газ тарағаны хабарланып, жақын маңда тұратын тұрғындарға үйінің есік, терезесін жабуға кеңес берген. Кейін BASF компаниясы тұрғындар үшін ешқандай қауіп жоқ деп мәлімдеді.

Жаздың басында Берлиндегі Diehl Metal Applications цехында өрт шыққан. Ғимаратта қауіпті химиялық заттар сақталғаны айтылған. Бірақ ешкім зардап шекпеді.

XS
SM
MD
LG