Ссылки доступа

Нигерде төңкеріс әрекеті болды 


Мохамед Базум
Мохамед Базум

Нигерде президенттік гвардия өлке басшысы Мохамед Базумның билігіне қарсы төңкеріс жасауға әрекет болды. Армия бұл бүлікті қолдамаған.   

Ақпаратқа қарағанда, президенттік гвардия мемлекет басшысын резиденцияға жібермей, бірақ сөйлесулерден кейін босатқан. Президент аппараты қазір Базумның жағдайы жақсы екенін білдірді.

Халықаралық басылымдар хабарлағандай, Базум президенттік гвардияның командирі, генерал Омар Цяниді қызметінен алу мәселесін қарап жатқан. Бұл бүлік шығаруға себеп болған.

Бұл - Мохамед Базум билікте болған кезіндегі екінші рет төңкеріс әрекеті. 2021 жылдың наурызында әскердің бір бөлігі президент сарайын басып алуға әрекет жасаған. Оқиға Базум инаугурациясынан бірнеше күн қалғанда болған.

Батыс Африкадағы Нигер Францияның бұрынғы колониясы. Ел табиғи ресурстарға бай. Әлемдегі уран қорының 7% осы елде.

Бұл елде "Әл-Каида" және "Ислам мемлекеті" террористік ұйымдарымен байланысы бар топтар бар.

XS
SM
MD
LG