Ссылки доступа

"Лукойл" директорлар кеңесінің басшысы аурухана терезесінен құлап, мерт болды


Президент Владимир Путин и председатель совета директоров "Лукойла" Равиль Маганов
Президент Владимир Путин и председатель совета директоров "Лукойла" Равиль Маганов

"Лукойл" мұнай компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Равиль Маганов Мәскеудегі Орталық клиникалық аурухана терезесінен құлап, мерт болды. Бұл туралы "Интерфакс" аты-жөні аталмаған дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Орталық ауруханадағылар Магановтың қазасын РБК басылымына растады, бірақ нақты не болғанын айтпады.

РЕН ТВ мәліметінше, 67 жастағы топ-менеджер аурухананың алтыншы қабатында емделіп жатқан. Mash телеграм-арнасының жазуынша , Маганов терапия бөлімінде жүрегін емдеткен. Бұған қоса, дәрігер оның күйзеліске ұшырағанын анықтаған.

Алдын ала болжам бойынша, Маганов құлаған кездегі жарақаттардан өлген, дейді РБК дереккөзі. Алтыншы қабаттан өлу үшін секірген болуы мүмкін деген де болжам айтылды. Басылым мәліметінше, оқиға орнында полиция қызметкерлері мен Тергеу қызметінің тергеушілері жүр. Олар аурухана қызметкерлері мен науқастардан жауап алған.

Равиль Маганов "Лукойл" директорлар кеңесінің құрамына 1993 жылы кірген. 2006 жылы компанияның алғашқы атқарушы вице-президенті болып тағайыналды, ал 2020 жылы директорлар кеңесін басқарды. Маганов - компания атауының авторы.

XS
SM
MD
LG