Ссылки доступа

"Грэмми" сыйлығын алған әншілер Газада бейбітшілік орнағанын қалайды

Тейлор Свифт
Тейлор Свифт

Америкалық «Грэмми» ән сыйлығының көбі биыл әнші әйелдерге табысталды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Лос-Анджелесте 5 ақпанға қараған түні өтті.

Тейор Свифттің Midnights әндер жинағы жылдың үздік альбомы деп танылды. Әнші осындай сыйлықты төрт мәрте алған алғашқы әнші атанды. «Өмірімдегі ең бақытты сәт дейін десем, әнді аяқтаған уақытта үнемі өзімді бақыттым сезінемін. Бар қалауым – тоқтамай ән айту» дейді Свифт. Ол The Tortured Poets Department деп аталатын жаңа альбомы сәуірде жарық көретінін жариялады.

Билли Айлиштің «Барби» фильміндегі «What Was I Made For?» әні «Жылдың үздік әні» деп танылды. Бұған дейін кинода шырқалған ән 1999 жылы «Грэмми» сыйлығын алған. Сол кезде Селион Дион «Титаник» фильміндегі «My Heart Will Go On» әнімен жеңімпаз атанған.

Майли Сайрус «Flowers» әнімен «Үздік поп жанрындағы орындаушы» сыйлығын жеңіп алды. 31 жастағы әнші алғаш рет «Грэмми» сыйлығына ие болып отыр.

Виктория Моне жылдың жаңа әншісі атанды. Ол R&B жанрындағы альбом үшін берілетін сыйлықты да еншіледі.

«Грэммидің» үш сыйлығын алған Boygenius әйелдер тобы Газа секторында атысты доғаруға үндеді. Әнші Энни Ленокс та осындай үндеу тастады. «Әртістер атысты доғаруды қалайды. Әлемде бейбітшілік орнасын» деп мәлімдеді Леннокс.

XS
SM
MD
LG