Усман Баратовтың өзі 19 қаңтардан бері Мәскеудегі тергеу абақтысында отыр. Ол әлеуметтік желіде жазған посты үшін "жеккөрушілік туғызды" деген бап бойынша айыпталып жатыр.
Былтыр желтоқсан айында жұмыртқаның бірден қымбаттап кетуіне байланысты тауықтың суретін қойып, "Қоразды соғыстан қайтарыңдар!" деген жазу қалдырған.
Ресейлік кремлшіл блогерлер Баратовтың бұл посты үшін тергеу комитетіне арызданған.
Ол өзінің кінәсін мойындамайды. Баратов "тауықтың суреті бар сатиралық жазбасының арнайы әскери операцияға ешқандай қатысы жоқ" деп есептейді.