Ссылки доступа

Голливуд актері Кевин Спейси сексуалдық зорлық көрсетті деген айыппен сот алдында жауап береді 


Голливуд актері Кевин Спейси бейсенбі күні Ұлыбритания соты алдында жауап береді. Үш британдық оны сексуалдық әлімжеттік жасады деп айыптап жатыр. Бірі зорлады деген шағым түсірген. 

62 жастағы Спейси 2000 жылдардың соңында жастардың келісімінсіз сексуалдық зорлық көрсеткен және әлімжеттік жасаған деген төрт эпизод бойынша айыпталып жатыр.

Ел прокуратурасы Спейсиге өткен айда айып таққан. Актердің өзі ABC телеканалына өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген.

Спейсидің кинодағы мансабы 2017 жылдың соңында актер Энтони Рэпп 1986 жылы бар болғаны 14-те болғанда тиіскенін мәлімдеген кезден бастап аяқталды десе де болады. Осы мәлімдемеден кейін MRC студиясы "Қағаз үй" сериалына түсіруден бас тартып, моральдық шығын ретінде 31 млн доллар төлеуді талап еткен.

"Қағаз үй" сериалына түскен актердің бірі Спейсидің өзіне тиіскенін мәлімдеген. Бірақ Массачуссетс прокуратурасы сол кезде бұл істі жапқан.

XS
SM
MD
LG