Ссылки доступа

Таулы Бадахшандағы наразылыққа қатысқан он адамға іздеу жарияланды


Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялы облысында наразылық акциясына қатысқан он адамға іздеу жарияланды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады.

Министрлік оларды "2022 жылғы 16-18 мамыр аралығында ТБАО Рушан ауданында террористік акт жасауға қатысушылар" деп сипаттады.

Тізімде Рушан ауданының мына тұрғындары көрсетілген: Құлмамад Паллаев, Едгор Гүломайдаров, Әлішер Почоев, Хабиб Мавлододов, Чангибек Шехбуров, Дохунда Паллаев, Мастоншо Чоршанбиев, Палла Паллаев, Шодавлат Орази және Гофил Бахтибеков. "Бомдод" мәліметінше, наразылық пен "терроризммен күрес операциясынан" соң тығылып қалған адамдарға іздеу жарияланған.

Бұның алдында Тәжікстан ішкі істер министрлігі Рушан ауданының 46 тұрғынының аты-жөнін жариялап, оларды "қылмыстық және экстремистік-террористік топтардың" мүшелері деп атаған. Ресми мәлімдемелерде "қылмыстық топтарды" Холбаш Холбашев, Едгор Гуломхайдаров және Құлмахмад Паллаев басқарды делінген. Олардың туыстары Азаттық радиосы Тәжік қызметіне "бәрі Рушан ауданының қарапайым тұрғындары" екенін айтты.

18 мамырда тәжік билігі Таулы Бадахшанда "терроризммен күрес операциясын" бастады. Озоди радиосының дерегінше, 19 мамырда операция кезінде қаза болған 21 адамның мүрдесі туыстарына берілген. 22 мамырда Бадахшандағы митингті ұйымдастырды делінген Мамадбокир Мамадбокиров өлтірілді.

Хорогтағы наразылық басылды ма? Билік наразы топпен қалай келісті?

XS
SM
MD
LG