Ссылки доступа

Ресей думасы полицияға мигранттарды елден шығару құқығын берді


Ресей мемлекеттік думасы елінде миграциялық бақылауды күшейтетін заң жобасын қабылдады.

Жаңа құжатқа сәйкес, полиция тәртіпті бұзған мигранттарды бірден елден шығарып жібере алады. Сонымен бірге тұруға рұқсат берілген құжаттың мерзімі 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылды.

Заң жобасы қабылданғанға дейін мигранттарды тек сот пен шекара қызметі ғана депортациялай алатын.

Ресейде биыл көктемде "Крокус Сити Холл" концерт залында болған терактіден кейін мигранттарды бақылау күшейді.

XS
SM
MD
LG