Ссылки доступа

43 мемлекет Навальныйдың өлімін тәуелсіз тергеуді талап етті


Әлемдегі 43 мемлекет ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың өлімін халықаралық мамандардың қатысуымен тәуелсіз тергеуді талап етті. Саясаткер шалғайдағы Харп қыстағында тәртібі ерекше түзеу колониясында қайтыс болды. Навальныйдың жақтастары оны өлтірді деп есептейді.

Әлем елдерінің талабын 4 наурызда БҰҰ-дағы Еуроодақ делегациясының басшысы Лотте Кнудсен жеткізді, деп хабарлады америкалық Barron's басылымы. Кнудсеннің мәлімдеуінше, 43 мемлекет саясаткер қазасына Ресей президенті Владимир Путин жауапты деп есептейді.

«Ресей [халықаралық қауымдастыққа] оның [Навальныйдың] мезгілсіз қазасын халықаралық мамандардың қатысуымен тәуелсіз әрі әділ тергеу қажет» деп мәлімдеді Кнудсен.

Бұған қоса, Еуроодақ делегациясының басшысы Ресей билігіне саяси тұтқындарды, құқық қорғаушыларды, журналистер мен соғысқа қарсы белсенділерді босатуға кеңес берді.

Мәлімдемеге қол қойған елдер арасында ЕО, АҚШ, Ұлыбритания, Украина, Австралия, Канада, Жаңа Зеландия және Норвегия бар.

Ресми мәлімет бойынша, Навальный өз ажалымен өлген. Саясаткердің жесірі мен жақтастары оны өлтірді деп есептейді. Мария Певчихтің мәлімдеуінше, оппозиционер қазасының оны Батыспен алмастыру жөніндегі келіссөздерге байланысы бар. Зерттеуші Христо Грозевдің хабарлауынша, журналистер тобы зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG