Екеуіне де «Ислам мемлекетін» қаржыландырды деген айып тағылған. Германия бұл ұйымды террористік бірлестік деп таныған.
Күдіктілер Гамбург қаласы мен Шлезвиг-Гольштейн мекенінде ұсталған. Полиция Берлин, Гамбург, Шлезвиг-Гольштейн және Саксония федералдық жерлеріндегі түрлі нысандарда тінту жүргізген.
Федералдық прокуратураның Азаттықтың Орыс қызметіне хабарлауынша, күдіктілер 2022 жылғы жазда үшінші бір адамдар негізін қалаған қылмыстық топқа кірген. Сондағы мақсат – Германия мен Еуропаның басқа да елдерінде «Ислам мемлекетіне» қаражат жинау. Мұндай жұмыс көбіне әлеуметтік желілер арқылы істелген. Сосын ақшаны ИМ мүшелерінің біріне жолданып отырған. Ақша көбіне ұйымның қамаудағы мүшелері мен олардың әйелдерін қолдау мақсатында жаратылған.
Абдулрашит Д. кассаны басқарған. 2023 жылғы сәуірде ол Сурхо З.-ға шамамен 12 мың еуро аударған. Неміс прокуратурасының мәліметінше, олар шамамен 25 мың еуро жинап үлгерген.
25 шілдеде Германия федералдық прокуратурасы Ресейдің екі азаматы ұсталғанын хабарлады. Олардың аты ғана жарияланды - Абдулрашит Д. және Сурхо З. (Германияда күдіктінің тегі сот үкімі шыққанша жарияланбайды).