Зерттеуге қарағанда, былтыр желтоқсан айында "Единая Россия" партиясы атынан дума депутаты болып отырған Юрий Петровтың отбасы түгелімен Қырғызстан азаматтығын алған. Ол бұрын "Роснефть" директорлар кеңесінің құрамында болған.
Бұдан бөлек Петербургтың оңтүстік округынан муниципалды депутаты болған Роман Мойсеев; Сергей Кондауров; Петербургтың вице-губернаторы Игорь Метельскийдің күйеу баласы Владимир Ревенков; TecForce IT-компаниясы басшылары Владимир Макаров, Станислав Соколов; кәсіпкерлер Андрей Белошицкий, Валерии Райц; самбодан екі дүркін әлем чемпионы Дмитрий Заболотный және WBPF бодибилдингтен әлем чемпионы Руслан Халецкий де қырғыз азаматтығын алған.
Наурыз айының соңында The Moscow Times басылымы бірқатар ресейлік кәсіпкерлер мен спортшылар Қырғызстан азаматтығын алғанын жазған.
Transparency International ұйымының өкілі Илья Шуманов Азаттыққа берген сұқбатында, "орыс элитасы Қырғызстанды әлемге шығу үшін құқықтық жол" ретінде пайдаланып отыр деген.