Ссылки доступа

АҚШ грин-карт лотереясының нәтижесін жариялады


Өткен жексенбіде АҚШ мемлекеттік департаменті грин-карт лотереясының нәтижесін жариялады. Лотерея жеңімпаздары болашақта АҚШ азаматтығын алып, Америкада тұруға мүмкіндік алады. 

Бірқатар өзбекстандықтар грин-карт ұтып алғанын қуана жазып жатыр. 35 млн халқы бар Өзбекстанда соңғы жылдары АҚШ-қа кетуге тілек білдірушілер саны күрт өсіп жатыр.

Жыл сайын 2 млн өзбек азаматы грин-карт лотереясына қатысады. АҚШ мәліметінше, өтініш берушілер ішінде өзбек азаматтары бірінші орында тұр.

Коронавирус пандемиясына байланысты грин-картты ұтқан мыңдаған адам сол күйі Құрама Штаттарға бара алмай қалды. Осыған байланысты мыңдаған адам Джо Байден әкімшілігін сотқа берген.

Адвокат Кертис Моррисон 141 елден 24 мың адам сотқа арыз бергенін айтады. Олардың 350-і өзбекстандық.

Жыл сайын бұл бағдарламаға әлемнің барлық елінен 10 млн адам қатысады.

XS
SM
MD
LG