Ссылки доступа

Балаларын содырлар ұрлап әкеткендіктен, тәжік әйелдерінің кейбірі Сириядағы лагерьлерден кете алмаған


«Ислам мемлекеті» радикал ұйымының бұрынғы тәжік содырлары әйелдерінің бірқатары Сириядағы лагерьлерді тастап кете алмаған. Өйткені олардың балаларын содырлап ұрлап әкеткен.

Елші Зубайдулло Зубайдзонның айтуынша, сол себепті Душанбеге 25 сәуірде арнайы рейспен 47 адам ғана оралған.

«Біз 90 адамды елге қайтаруымыз керек еді, бірақ әйелдер қайта алмайтынын, екі бұрын ғана «хабс» (әйелдер лагеріндегі арнайы топ) өкілдері бірнеше әйелдің балаларын ұрлап әкеткенін айтты» дейді Тәжікстанның Сирия мен Кувейттегі елшісі Зубайдулло Зубайдзода.

25 сәуірде Тәжікстан билігі Сириядан 32 бала мен 15 әйелді елге жеткізді. Олардың бәрі 2014-2018 жылдары террористік топтарға қосылған содырлар отбасының мүшелері.

Кейінгі бес жылда Тәжікстан билігі Сирия мен Ирактан 300-ден аса әйел мен баланы елге жеткізді. Олардың кейбірі туыстарына қосылды, қалғандары арнайы орталықтарда тұрып жатыр.

Елшінің Азаттықтың Тәжік қызметіне айтуынша, Ирак пен Сириядан әйелдер мен балаларды елге жеткізу науқаны аяқталды десе де болады. Елші мәліметінше, Ирак пен Сирияда ауыр жағдайда қалған тәжік әйелдері мен балаларының 90 пайызы Тәжікстанға оралған.

«Отанына оралғысы келгендердің көбі қайтты. Онда аз адам қалды. Олар да жақында ел оралады деп ойлаймын» дейді дипломат.

Зубайдзоданың айтуынша, Ирак түрмелерінде 37 тәжік әйелі отыр. Сот оларды өмірлік түрме жазасына кескен. Олардың балалары Тәжікстанға 2019 жылы оралған.

XS
SM
MD
LG