ХАМАС-тың саяси бюросының басшысы Исмаид Хания Катардың премьер-министріне және Египеттің барлау қызметінің басшысына телефон арқылы шешім жөнінде мәлімет берген.
Доха мен Каир Израиль тұтқындарын түрмедегі палестиналықтарға алмастыруды қамтыған келісімге араағайын болып жатыр. Осыған дейін Катар мен Египеттің өкілдері оқ атуды тоқтату бойынша тиісті ұсыныстарды ХАМАС-қа жеткізген.
Израильдің ресми өкілі Reuters агенттігіне берген сұқбатында араағайындар палестин тарапқа Египеттің "жұмсақ" ұсынысын жеткізгенін айтты. Бұл Израиль үшін қабылданбас дүние. Израильдің жауабы туралы бұдан басқа мәлімет айтылмады.