Ссылки доступа

"Талибан" Ресейден бартермен мұнай алғысы келеді 


Былтыр тамыз айында Ауғанстан үкіметін басып алған "Талибан" террористік ұйымы Ресейден бір миллион баррель мұнай сатып алғысы келеді.

Бұл жөнінде тәліп үкіметінің сауда және өндіріс министрі Нуриддин Азизи РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында айтқан.

Азизи "Талибан" мұнайды қандай да бір ауған өнімдерімен алмастыруды қарастырып жатқанын айтады.

Маусым айында Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда Ауғанстанның сауда-өндіріс палатасының төрағасы Ресейден бес мың тонна мұнай мен екі миллион тонна бидай сатып алғысы келетінін айтқан.

Тәліп өкілдері 14 тамызда Мәскеуге барған.

Былтыр қазан айында Ресей президенті Владимир Путин "Талибан" қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен алып тастау бағытында жұмыс істейтінін жариялаған. Мемлекеттік БАҚ-тарға "Талибан" қозғалысын террористік ұйым деп жазуды алып тастау талап етілген.

Биыл 17 наурызда БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ауғанстанмен ресми байланыс орнату жөнінде дауыс берді. Онда БҰҰ миссиясы бір жыл көлемінде Ауғанстанға баруы көрсетілген. Бірақ тәліптер жөнінде сөз айтылмаған. Дауыс беру сәтінде Ресей қалыс қалған.

XS
SM
MD
LG