Ссылки доступа

Грузияда билік басындағы партия президент Зурабишвилиге импичмент жариялау ісін бастады


Саломе Зурабишвили
Саломе Зурабишвили

Грузияда билік басындағы «Грузин арманы – Демократиялық Грузия» партиясы президент Саломе Зурабишвилиге үкіметке келіспестен Еуропаға барғаны үшін импимент жариялау ісін бастады.

Бұл туралы партия басшысы Ираклий Кобахидзе мәлімдеді. Оның мәлімдемесін «Эхо Кавказа» таратты.

«Импичментті аяқтау үшін 100 депутаттың қолдауы қажет, сол себепті радикал оппозиция дауысынсыз ол жүзе аспайды. Соған қарамастан, біз партияның саяси кеңесінің отырысында Грузия президентіне импичмент жариялау туралы шешім қабылдадық» дейді партия жетекшісі.

Оның айтуынша, Зурабишвили ел конституциясын өрескел бұзды, өйткені президент сыртқы саясаттағы өкіл функциясын үкіметпен келісе отырып қана атқаруы тиіс. Бұның алдында грузин үкіметі президенттің Германияға, Украинаға, Швейцарияға, Польшаға, Бельгияға, Данияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Болгарияға, Чехия мен Израильге сапарын құптамайтынын мәлімдеген.

Саломе Зурабишвили 31 тамызда Берлинде ГФР президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті, ал 1 қыркүйекте Брюссельде Еурокеңес басшысы Шарль Мишельмен жүздеседі. Грузин президенті әкімшілігінің мәлімдеуінше, Зурабишвили еуропалық лидерлерден Грузияның ЕО-ға кіруге үміткер болуы үшін қолдау іздейді.

Билік басындағы партия жетекшісінің айтуынша, жақында парламент мүшелерінен қол жиналады, содан кейін импичмент жариялауға өтініш Конституциялық сотқа жолданады. Сот бір айдың көлемінде қорытынды әзірлейді, сосын бұл мәселе парламентте қаралады.

XS
SM
MD
LG