Ссылки доступа

АҚШ-тың Өзбекстандағы бұрынғы елшісі: Каримов Гүлнараға аяқ-киімін лақтырған


Ислам Каримов
Ислам Каримов

Eurasianet.org басылымы 2011-2014 жылдары АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі болып істеген Джорж Кролдың Өзбекстан мен Қазақстанның бірінші президенттері Ислам Каримов пен Нұрсұлтан Назарбаев туралы естеліктерін жариялады.

Ол сенім грамотасын тапсыру кезінде Каримовпен болған алғашқы кездесуін, сұқбаттарын және өзара әңгімесін, оның ішінде Каримовтің отбасы ісіне қалай араласқанын айтқан.

"Жаңа жылдың ертесі Каримовке қызының өтінішін айтуға бардым. Біраз уақыттан кейін Гүлнара маған хат жазып, әкесімен кездесетінін айтты. Кейін Гүлнара кездесу онша жақсы өтпегенін, әкесі ашуланып, аяқ-киімін лақтырғанын айтты. Осыдан кейін Гүлнараны қайта көрмедім", - деген бир да жолу көргөн эмесмин", -деген Джорж Крол.

52 жастағы Каримова Ташкент облысындағы түрмеде отыр. Оған "алаяқтықпен мүлікті иеленіп алу, көлеңкелі ақшаны заңдастыру" баптары бойынша кінәлі деп танылып, 2020 жылы 13 жылға бас бостандығынан айырылған.

XS
SM
MD
LG