Ссылки доступа

Украина Ресейдің Қазақстанмен шекарасындағы Орск қаласындағы станцияны дронмен атқылады


РЛС "Воронеж"
РЛС "Воронеж"

Украин дрондары 26 мамырда Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласында орналасқан "Воронеж М" радиолокациялық станциясын атқылады. Бұл туралы "Украинская правда" және РБК-Украина басылымдары хабарлады.

Олар Украина қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасындағы дереккөзге сүйенді.

«Украин дрондары жау нысанына дейінгі 1800-ден астам шақырымды еңсеріп, жаңа рекорд орнатты» деп мәлімдеген дереккөз. Радиолокациялық орталықтың қаншалықты зардап шеккені анықталып жатыр.

Бұның алдында Орск маңына дрон құлағанын жергілікті басылымдар жазған. Әскери нысанға шабуыл жасалған болуы мүмкін, деп топшылаған "Урал56.ру" телеграм-арнасы. Мәліметке қарағанда, шабуылдан ешкім зардап шекпеген, инфрақұрылымға зиян тимеген.

Дүйсенбі күні РИА "Новости" Орск маңына дрон құлағанын растады. Орынбор облысының билігі «азаматтық нысандар зардап шекпеді» деп мәлімдеді.

"Воронеж-М" радиолокациялық станциясы 6 мың шақырымдағы нысанды анықтап, бір уақытта 500-ге жуық нысанға бақылау орната алады.

Ресей қорғаныс министрлігі украин дрондарының Орск қаласындағы шабуылы туралы ешқандай мәлімет таратпады.

XS
SM
MD
LG