CNN телеарнасында қонақта болған Харрис демократиялық партияның бір апта бұрын аяқталған съезінде айтқан мәлімдемелерін қайталады.
Ақ үйге президент ретінде кірген алғашқы күні не істейсіз деген сауалға Харрис басты мақсат - "орта тапты қолдау, нығайту" екенін айтты. Ол президент Джо Байден саясатын жалғастыратынын, соның ішінде көші-қон жүйесін реформалап, Израильді қолдай беру керектігін мәлімдеді.
Республикалықтар Камала Харристің бес апта бойы елдің белді ақпарат құралдарына сұхбат беруден қашқақтауын сынаған.
Дональд Трамп сайлау штабы таратқан мәлімдеме 16 минутқа созылған сұхбатта Харрис АҚШ-тағы қылмыс дағдарысы туралы ештеңе айтпағаны, экономикаға бар болғаны 3 минут 25 секунд, көші-қон мәселесіне 2 минут 36 секунд арнағаны сөз болған.