Ссылки доступа

Илон Маск оқушы -трансгендерлер жөніндегі жаңа заңға байланысты SpaceX кеңсесін көшіреді


Илон Маск
Илон Маск

SpaceX негізін қалаушы Илон Маск компанияның Калифорниядағы бас кеңсесін Техасқа көшіру жоспарын айтты.

Оған жергілікті оқушылардың ата-аналарына балаларының сексуалдық ориентациясы немесе жынысын алмастыру жөнінде ақпарат беруге тыйым салған заңның қабылдануы себеп болғанын айтты.

Калифорния мұндай заң қабылдаған АҚШ-тың алғашқы штаты болып қалды. Заңды қолдағандар оқушылардың құпиялығын сақтауға көмек беріп, мұғалімдерге ана-аналар мен балалардың қарым-қатынасына килікпеуге себеп болады дейді. Осыған дейін мектептер оқушылардың гендерлік идентификациясы туралы отбасына мәлімет беруі керек еді.

Маск жаңа заң ата-аналардың құқығын бұзып, балаларға зиян әкеледі деп есептейді.

Бірнеше жылдан бері Техаста SpaceX компаниясының өкілдігі жұмыс істейді. Онда сынау алаңы және Starlink терминалдарын өндіретін зауыт бар.

CNBC телеканалы хабарлағандай, Калифорнияда АҚШ-тағы ең жоғарғы кіріс салығы алынады, сондықтан бас кеңсесін көшіру арқылы Маск миллиардтаған долларын үнемдеуі мүмкін. Техас болса салықтың бұл түрі алынбайтын жеті штаттың бірі болып саналады.

XS
SM
MD
LG