Ссылки доступа

Грузия премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді


Ираклий Гарибашвили Давос форумында
Ираклий Гарибашвили Давос форумында

Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили дүйсенбі күні қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол Тбилисиде сөйлеген сөзінде өзгелерге де үкіметті басқаруға мүмкіндік берілу қажет екенін айтты.

Бірақ Гарибашвили "Грузин арманы" партиясының жетекшісі болып қала бермек. Оның сөзінше, биыл күзде болатын парламент сайлауында "жеңіске жету" үшін дайындалу қажет.

Азаттықтың грузин қызметі тағы бірнеше үкімет мүшелері де қызметінен кететінін хабарлады. Елдің жаңа премьері кім болады - әзірге белгісіз.

Гарибашвили 2013-2015 жылдары және 2021 жылдың желтоқсанынан бері екі рет Грузияның премьер министрі болды.

Михаил Саакашвили бастаған оппозиция оны ресейшіл саясаткер деп сынап келді. "Грузин арманы" партиясы басқаратын үкімет Ресейдің Украинаға басқыншылығын сынады. Бірақ Ресейге санкция салудан бас тартты. Соған қарамастан Грузияның Еуроодаққа кіруге үміті бар.

XS
SM
MD
LG