Ссылки доступа

Иран Ресейге әскери дрондар бермекші


Әскери дрондар, Иран

Иран Ресейге жүздеген әскери ұшқышсыз ұшатын аппараттарды бергелі жатыр. Осылай деп Вашингтондағы брифингте АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеді.

Оның сөзінше, аппараттар қару-жарақ алып жүре алады. "Иран орыс күштерін аталған әскери дрондарды қолдануды үйретуді жоспарлап жатыр. Жаттығуды шілде айында бастамақ", деді Салливан.

Вашингтон бұл мәліметтерді қайдан алғанын айтпады.

Салливанның бұл мәлімдемесінен кейін артынша Мәскеу мен Тегеран Ресей президенті Владимир Путиннің жақын күндері Иранға баратынын растады. Кремль Путин ол жақта Иран және Түркия президенттерімен кездеседі деп мәлімдеді.

Украинада соғыс басталғаннан бері Путин шетелге (Тәжікстан мен Түркіменстанға) екі рет шықты.

XS
SM
MD
LG