Ссылки доступа

Иран Ресейге тағы дрондар беруге келіскен


Иран Ресейге Украинада белсенді қолданылып жатқан "жер-жер" типті ұшқышсыз ұшақтарды тағы қосымша беруге келіскен. Бұл туралы Reuters агенттігі жоғарғы лауазымды иран шенеуніктеріне және дипломаттарына сілтеме жасап хабарлады. 

Олардың сөзінше, қару-жарақтарды сату және жеткізу жөнінде келісімге 6 қазанда қол қойылған. Онда Мәскеуге Иранның Ислам революциясының сақшылар корпусының және Ұлттық қауіпсіздік бойынша жоғарғы кеңесінің өкілдері келген.

Украина қорғаныс министрлігінің барлау басқармасының басшысы Кирилл Будановтың сөзінше, бірінші рет Мәскеу 1750 дронға тапсырыс берген. Бірақ олардың 70% Украина әуе күштері тарабынан атып түсірілген.

"Одан кейін тағы тапсырыс болған, бірақ оларды Ресейге жеткізу тез процесс емес. Олар [ресейлік әскерлер] шамалы сарқылып жатыр, ирандықтар жаңасын жасап жатыр...", - деді Буданов.

Өз кезегінде НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг таяу күндері дрондарға қарсы күресу үшін Украинаға жүздеген құрал беретінін мәлімдеді.

Бұдан бөлек Украина Израильден әуеден қорғану жүйелерін беруді сұрап, бұл салада әріптестік орнатуды ұсынған. Бұл жайында Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді.

"Израиль саясаты Иранның деструктивті акцияларына қарсы болғандықтан, Израиль үшін Украина жағына ашық шығатын уақыт жетті", - деді Кулеба.

Украина СІМ басшысы Владимир Зеленскийді Иранмен дипломатиялық байланыстарды үзуге шақырды.

Ресей армиясы соңғы апталарда Украина инфрақұрылымына иран шығарған дрондармен жаппай атқылауды күшейтті. Иран осыған дейін Ресейге қару жеткізіп жатқанын теріске шығарып келген.

XS
SM
MD
LG