Ссылки доступа

Дереккөз: Түркіменстанның экс-бас прокуроры мен Ашғабат прокуроры ұсталды


Түркіменстанның бұрынғы бас прокуроры Сердар Мяликгулыев
Түркіменстанның бұрынғы бас прокуроры Сердар Мяликгулыев

Түркіменстанда Ашғабат прокуроры Овезмаммед Шыхмаммедов ұсталды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады.

Азатлык радиосының дереккөзі бұл ақпаратты растап, оған себеп болған бұрынғы бас прокурор Сердар Мяликгулыевтің қамауға алынуы деді.

Бас прокурор 16 қаңтарда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында жария түрде қызметінен алынған.

Дереккөздің мәліметінше, "бас қадағалаушының" ұсталуына сауда және ауыл шаруашылығы саласындағы дағдарыс себеп болған.

"Былтыр ауыл шаруашылығында сәтсіздіктер көп болды. Жоспарланған астық жиналмады. Мақта саласында да осы жағдай. Бас прокурор Гурбангулы Бердімұхамедовтің анасы тарапынан қолдау көріп келген. Бірақ сауда саласындағы тонау мәліметін естігін президент туыстық қатынасқа қарамастан, оны жария түрде қызметінен алды", - дейді дереккөз.

Turkmen.news сайтының жазуынша, Мяликгулыев бір жарым жыл қызметінде бұл салада "тазалау" жүргізіп, өзінің адамдарын қойып үлгерген.

16 қаңтарда елдің жаңа бас прокуроры болып Бегмурат Мухамедов тағайындалды. Ол 2013-2021 жылдар арасында әділет министрі қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG