Ақпаратқа қарағанда, Комилзода 15 маусымнан бері тергеу абақтысында отыр. 16 маусымда оның үйіне тінту жүргізіліп, компьютері және ұялы телефоны тәркіленген.
"Оның ұсталуы партияның бұрынғы төрағасы және парламент депутаты Саиджафар Усмонзода ісіне байланысты. Комилзодаға қылмыстық іс қозғалды. Бірақ нақты қандай бап бойынша екенін білмеймін", - деді бас прокуратураға жақын дереккөздің бірі.
Демократиялық партияның бұрынғы төрағасы және парламент депутаты Саиджафар Усмонзода "билікті басып алуға әрекет етті" деген күдікпен 12 маусымда ұсталған.