Ссылки доступа

Дереккөздер: Душанбеде экс-министр Хамрохон Зарифи ұсталды


Хамрохон Зарифи
Хамрохон Зарифи

Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің бұрынғы басшысы Хамрохон Зарифи Душанбеде ұсталды. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметінің дереккөздері хабарлады.

Азаттықтың бірнеше дереккөзі Хамрохон Зарифиді құқық қорғау органдарының қызметкерлері 12 маусымда ұстағанын растады. Дереккөздердің бірінің айтуынша, ол 16 маусымға дейін Душанбедегі тергеу изоляторында отырған, алайда дереккөз содан кейін оны қайда ауыстырғанын білмейді. Экс-министрді тергеуден кейін босатқан болуы да мүмкін, бірақ дереккөздердің ешқайсы мұндай мәліметті растамады.

Ресми мекемелер бұрынғы шенеуніктің ұсталғаны туралы мәліметті растамады, жоққа да шығармады.

75 жастағы Хамрохон Зарифи зейнет демалысына шыққан.

Азаттық дереккөздері экс-министрді ұстау себебін нақты білмейді. Тәжікстан құқық қорғау органдарындағы дереккөздің хабарлауынша, оны «Зарифи министр болып тұрған уақытта СІМ ғимаратын салу кезінде жасалған экономикалық қылмыстарға байланысты ұстаған болуы мүмкін».

XS
SM
MD
LG