Ссылки доступа

Митинг жайында ақпарат жариялағаны үшін Украинадан келген босқын депортацияланбақ  


Нұрсұлтан соты Украинадан келген босқынды депортациялау жөнінде шешім шығарды. Осыған дейін оған рұқсат етілмеген митинг жөніндегі ақпаратты жариялаған үшін 10 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарған. Бұл жөнінде ҚазТаг босқынның адвокаттарына сілтеме жасап хабарлады. 

Ақпаратқа сәйкес, босқын қыз Украинаны қолдап рұқсат етілмеген митингке үндеген ақпаратты желіде жариялағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамалған. Қыз бұл ақпаратты кейін бірден өшіріп тастаған.

Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының лидері, шетелде қуғында жүрген Мұқтар Әблязов халықты 1 мамырда митингке шығуға үндеген. Сол күні Алматы мен Көкшетау қалаларында біраз адам ұсталды. Сонымен бірге полиция Жаңаөзеннің екі тұрғынын ұстады. Олар орталық алаңға қолдарына плакат ұстап шықпақ болған.

XS
SM
MD
LG