Ссылки доступа

Шешен белсендісі Мансұр Мовлаевты Қырғызстаннан шығармақ


Мансұр Мовлаев сот залында
Мансұр Мовлаев сот залында

Бішкекте сотталып, 20 қарашада босатылған шешенстандық белсенді Мансұр Мовлаевты елден шығару үкімін атқару міндеті Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰКМК), ішкі істер министрлігіне (ІІМ) және миграция қызметіне жүктелді. Бұл туралы қалалық соттан мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, сот алқасының үкімімен Бірінші май аудандық сотының 4 қазандағы үкімі елден шығару туралы шешім шығарған. Мовлаев жаза мерзімін өтеп біткеніне байланысты сот залынан босатылған.

Оның адвокаты Бақыт Автандил "Алты ай жаза мерзімін өтеп бітті. Осының негізінде сот залынан босатылды. Қазір ол бос адам. Бірақ елден шығару туралы шешім күшінде қалды", деді.

ҰҚМК, ІІМ және миграция қызметі әзірге ешқандай мәлімет бермеді.

Украинадағы соғысқа қарсы пікірін ашық білдіріп, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты сынап жүрген белсенді елінде қатал жаза күтіп тұрғанын айтып, қанша қатал жаза болса да Қырғызстанда жазасын өтеуді сұраған. Ол былтыр өміріне қауіптеніп, Ресейден қашып кеткен.

XS
SM
MD
LG