"Өткен аптадан бері Қазақстаннан қайтып жатқан азаматтардың ағымы тоқтамай жатыр. Күн сайын ұзын-сонар кезек. Бізде елдің сыртында үш айдан артық жүрген азаматтардан ковид-тест алу талабы күшейіп жатыр. Азаматтар шекарадан өту үшін міндетті түрде тест тапсырып, ол үшін 50 доллар төлеуі керек", - деді аты-жөнін айтқысы келмеген шекара бекетінің қызметкері.
Оның сөзінше, түркімен азаматтарының жаппай еліне қайтуына, Қазақстанның бірқатар аймақтарындағы су тасқыны себеп болған.
"Қазір Түркіменстанның 10 мыңнан астам азаматы Қазақстанның түрлі аймақтарында жұмыс істеп жүр. Олардың көбі үш айлық туристік визамен кеткен", – деді шекара бекетінің қызметкері.
Ақтөбе облысынан қайтқан түркімен азаматтарының біразы су басып қалғаннан құжаттарын да жоғалтып алған екен.
26 наурыздан бері Қазақстанның су көтерілген аймақтарында жағдай қиындап, Абай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар, жалпы 10 облыста төтенше жағдай жарияланды.
11 сәуірдегі мәлімет бойынша, қауіпсіз аймаққа шығарылғандар 98 мыңға жетті.