Ссылки доступа

Венесуэла: президент сайлауында Николас Мадуро жеңіске жетті


Венесуэла президенті Николас Мадуро
Венесуэла президенті Николас Мадуро

Венесуэланың Ұлттық сайлау кеңесі жексенбі күні өткен президент сайлауында елдің қазіргі басшысы Николас Мадуроның жеңіске жеткенін жариялады. Мадуро үшін бұл үшінші алты жылдық президент мерзімі болады.

Ақпаратқа сәйкес, бюллетендердің 80% саналып, Мадуро 51%, бірлескен оппозиция өкілі Эдмундо Гонсалес 44% дауыс алған. Қалған сегіз үміткердің дауыстары 4,6% болған.

Оппозиция сайлау нәтижесі 2018 жылдағыдай бұрмаланды деп отыр. Америкалық Edison Research компаниясы жүргізген экзитпол нәтижесі Гонсалес 30% артықшылықпен жеңіске жетті дейді.

Аргентина бұл сайлауды мойындамайтынын мәлімдеді.

Перу мен Чили де осындай шешімдерін жариялады.

Николас Мадуро елді 2013 жылдан бері басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG