Ссылки доступа

Израиль Газадағы соғыс әрекеттерін уақытша тоқтатуы мүмкін


Израиль кепілдегі адамдарды босату үшін Газа секторындағы соғыс әрекеттерін 42 күнге тоқтатуы мүмкін. Бұл жөнінде ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді.

Оның сөзінше, бірақ ХАМАС тобына қарсы операция жалғаса береді.

"Израиль кепілдегі адамдарды босату үшін соғыс әрекеттерін 42 күнге тоқтатуы мүмкін. Бірақ біз соғысты тоқтата алмаймыз. Ирандықтар және біздің дұшпандарымыз бізді бағынады деп отыр. Бұған байланысты өте көп жалған ақпараттар тарап жатыр", – деді Нетаньяху парламенттегі сыртқы істер және қорғаныс бойынша комиссияның жабық отырысында.

The Times of Israel басылымы белгілегендей, Нетаньяху бұл сөздерді АҚШ президенті Джо Байденнің Таяу Шығыстағы жанжалды тоқтату бойынша жоспарына қатысты пікір білдіріп жатқан кезде айтты.

"АҚШ президентінің ұсынысы толық емес. Соғыс кепілдегі адамдарды босату үшін тоқтатылады. Одан кейін тағы талқылаймыз. Байденнің ашық жарияламаған тағы басқа дүниелер бар", – деді Нетаньяху.

Осыған дейін ХАМАС тобы да Байденнің жоспары бойынша жақсы пікірін білдірген.

Ал Нетаньяху коалициясындағы екі әріптесі, қаржы министрі Безалел Смотрих пен ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир ХАМАС бойынша Байденнің жоспарын қабылдаса, үкімет құрамынан кететінін мәлімдеді.

31 мамырда АҚШ президенті Джо Байден Газа секторындағы оқ атуды тоқтату бойынша жаңа жоспарын ұсынған.

XS
SM
MD
LG