Ссылки доступа

Израиль Газадағы қақтығыс кезінде бір тәулікте 24 жауынгерінен айырылған


Газада жүрген жауынгерлер
Газада жүрген жауынгерлер

Газа секторындағы ХАМАС террор тобына қарсы арнаулы операция бастағалы бері Израиль әскері бір тәулікте алғаш рет көп шығынға ұшырады. Ресми мәліметке қарағанда, кейінгі бір тәулікте Израильдің 24 жауынгері қаза болған.

ЦАХАЛ өкілі, контр-адмирал Даниэль Хагаридің сөзінше, Израиль жауынгерлері жүрген екі ғимаратта жарылыс болып 21 солдат қаза тапқан.

Қазір ХАМАС-тың негізгі күші шоғырланған Газа секторының оңтүстік-батысында кескілескен шайқас болып жатыр. Дүйсенбі күні осы маңдағы аурухананы Израиль әскері алған болатын. Бірақ ХАМАС жағы оны жоққа шығарып отыр.

Израиль Газа секторына бағытталған арнаулы операциясын былтыр 7 қазанда бастаған.

XS
SM
MD
LG